Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл рейсіндегі 205 жолаушы қонақ үйге жайғастырылды

Олар бүгін түс қайта басқа ұшақпен жөнелтіледі. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше кешкі 21:00 шамасында Boeing 767 ұшағы діттеген жеріне жете алмай Атырау әуежайына шұғыл қонды. Алдын ала ақпар бойынша апатқа жанармай жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.