Елімізде жастардың синтетикалық есірткіге әуестігі белең алып барады

Елде жыл басынан бері есірткіге қатысты 5 мың заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 8,5%-ке көп. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен кеңесте мәлім болды. Әсіресе, жастардың синтетикалық есірткіге әуестігі белең алып барады. Сондықтан бұл құбылысқа қарсы тұру үшін жүйелі шара қолдану керек. Осылай деген Ералы Тоғжанов құқық қорғау органдарына қарасораны өсіретін ошақтарды анықтап, ғаламтор желісіндегі есірткі саудасының жолын кесуді жүктеді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары есірткіге қарсы тұратын ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды.