425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскемен тұрғыны қала әкімдігін сотқа берді

  • 103
  • UPD: 18:21, 24.09.2021

Өскеменнің бір тұрғыны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімін сотқа берді. Себебі мемлекеттік мекеме автокөлік жолын кеңейту үшін сол маңдағы жасыл желекті отаған. Сондай-ақ ұзын ағаштарды жаппай кесу жөнінде шешімге келген.

Алайда ол маңдағы тұрғындар әкімдіктің бұл шешімімен келіспей отыр.

Эколог Дәулет Асановтың айтуынша, онсыз да ауасы лас Өскеменде соңғы 4-5 жылда ағаштың көбі кесіліп кеткен. Халық қала көшелері мен жолдардың жөнделуіне қарсы емес. Тек бей-берекет жасыл желекті отауға қарсы. Ал өңірдегі экология департаменті де тұрғындарды қолдап отыр. Заң бойынша экологияға қатысты кез келген мәселе бойынша тұрғындар арасында ашық қоғамдық тыңдау өткізілуі керек. Бірақ бұл жолы таңдау өтпеген. Енді экологтар бұл мәселе бойынша сотқа жүгінді.

Дәулет Асанов, эколог: 

- ТҮКШ айтады біз қоғамдық тыңдауларды сауалнамамен өткіздік дейді. Халық осы жобаға разы, дайын деп. Бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Сондықтан мен сотқа шағым жаздым. Енді осы жоба сотта қаралып жатыр. Біздің негізгі шартымыз осы ашық жиналыс ретінде өткізіліп осы жергілікті адамдардың ойын тыңдап, соған құлақ салу керек.

Хабар 24 телеарнасы