Атырауда шаңды дауылға байланысты халыққа ескерту жарияланды

Атырауда шаңды дауыл тұрып, қарға адым жер көрінбей қалды.

Төтенше жағдайлар департаменті жел жылдамдығының секундына 22 метрге дейін жететінін ескертіп, таяуда тұрғындарға хабарлама таратқан. Әзірге шаңды дауыл салдарынан оқыс оқиға тіркелген жоқ. Автокөлік жолдары да ашық. Десе де, жауаптылар тұрғындарға сақтанып жүруді ескертеді. Соңғы 10 жылда Каспий теңізі 6 шақырымға шегініп кеткен. Соның салдарынан жел тұрса, теңіз табанындағы топырақ ақ шаң болып аспанға көтеріледі. Бұл құбылыс 2020 жылдан бері Маңғыстау, Атырау облыстарын әбігерге салып тұр.