«Атамның аманаты»: қазақстандық боздақтардың сүйегін іздестіру тоқтамайды

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз кеткендерді іздеу жалғасады. Бүгін елордада «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бас қосып, алдағы жоспарларын айқындады.

Қан майданға Қазақстаннан 1 млн 300 мың адам аттанды десек, соның жартысы елге оралмаған. 270 мың сарбаз із-түзсіз кеткен. Қай жерде қаза тауып, қайда жерленгені белгісіз. Кейінгі бірнеше онжылдық бойы жүргізілген іздеу нәтижесінде 30 мың адамның мәліметі табылған. Елде осы іспен айналысатын 8 ұйым  бар. 3 жылдан бері олар «Atamnyn amanaty» ұйымына бірігіп, ортақ мақсат аясында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі жиынға ресейлік мамандар да қатысты. Олар Ресей, Беларусь, Украина елдерінің аумағында іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуді ұсынды.

Абай Тасболатов, «Atamnyn amanaty» ҚБ Бақылау кеңесінің мүшесі:

- Бізде негізі 8 іздестіру отряды бар. Соның бәрі әр түрлі жұмыс істеп жүрді, жан-жаққа шашылып. Енді мақсат - соларды біріктіру. Соғыста жоғалған 270 мың қазақстандықты табу.

Сондай-ақ...