Түркістандық өнертапқыш пластикалық бөтелкені жіпке айналдырды

Ауыл агрономы пластикалық бөтелкені кәдеге жаратып отыр.

Өнертапқыш пластиктен мақта теретін щетка мен қалыңдығы 1мм болатын жіп иірген. Карантинде қарап жатпай, ауылшаруашылығы саласындағы білімін бизнеспен ұштастырған азамат экологияға орасан пайда әкеліп отыр. Әрі мақта терімінің маусымында өнімге сұраныс мол.

Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Қозыбай Әшеков – бизнестің көзін тапқан еңбек адамы. Бір комбайнға 96 дана кететін щетканы бұған дейін көрші Өзбекстан елінен арнайы алдыртатын жүргізушілер енді алысқа сабылмаймыз, – дейді. Тіпті бағасы да екі есе арзан екен. Бүгінде қол күшімен ғана жұмыс жүргізіп отырған кәсіпкер күніне 25 данаға дейін шпиндельді щетка жасап, 40-қа тарта комбайнға өнім сатқан. Алдағы уақытта кәсіпті кеңейтіп, өнім көлемін арттырамыз, – дейді ол.

Қозыбай Әшеков, кәсіпкер:

– Бөтелкеміздің бір жақсы жері тазалық жағынан да пайдасы тиіп, экологияға да пайдасы тиіп жатыр. Бір қасық болса да ескіні жаңартып жатырмыз ғой. Дәл қазіргі уақытта жаман емес, алған камбайнерлардың айтуына қарағанда екі маусымға беймарал шыдайды екен.

Сондай-ақ...