Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған екі циклонның — солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді.

Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке, 3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылуға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылуға дейін болады деп болжануда.

Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 аяз 5 жылуға, күндіз 7-17 жылу аралығында.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылу, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін жылу төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ...