Ақмола облысында адам саудасымен айналысқандар ұсталды

Ақмола облысында адам саудасымен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының аумағында 19-24 қыркүйек аралығында «Стоп-Трафик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның шеңберінде полиция қызметкерлері еңбек және жыныстық пайдалану фактілерін анықтау ықтималдығы жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі объектілерді тексерді.

Бұған дейін Аршалы АПБ кезекші бөліміне Константиновка ауылында жергілікті тұрғын бірнеше адамды заңсыз ұстап, кәсіпорында жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні туралы жедел ақпарат келіп түскен болатын.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы 2021 жылғы 9-14 қыркүйек аралығында қаскүнем екі серіктесімен бірге Нұр-Сұлтан қаласында табыс іздеп жүрген адамдарға жеке жалдау бойынша жұмыс ұсынғанын анықтады.

Кейіннен серіктестер адамдарды кәсіпорын аумағына Аршалы ауданының Константиновка ауылына алып келген.

ЖШС аумағын тексеру жүргізу барысында онда 20-дан астам жұмысшы болғаны анықталды, олардың үшеуі 39-дан 53 жасқа дейінгі ер адамдар, Қостанай, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары 14 қыркүйектен бастап ЖШС аумағында заңсыз ұстау фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы полицияға жүгінді.

Қылмыс қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы жасалғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігі (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі тергеу шаралары жалғасуда.