Covid-19 жұқтырған 895 адамның жағдайы ауыр – Денсаулық сақтау министрлігі

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (–55 621 + және 8 854 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Хабар 24 ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 11 146 пациент стационарда, 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 895 адамның жағдайы ауыр,

– 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 138 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.