Президент Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді наградалармен марапаттады

ҚР Президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.

Сот орындаушыларына оқ жаудырған үй иесі 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2021 жылғы 25 қыркүйек

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байғазиев

Нұрбол Назарбайұлы

(марқұм) 

 –

 

 Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

 

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы

(марқұм)

 –   

 Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Әбенов

Мұрат Бақбергенұлы 

(марқұм)

 – 

 Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев