Ата кәсіп жойылып барады

Атырау өңірінде ұлттық өнерді дәріптейтін шебер тұрады. Ол ұмыт бола бастаған өрімшілік пен ер шабуды кәсіп етеді. Атадан балаға мұра болған өнерді жанына серік еткен ол жанашырлық болмаса, бұл кәсіп жойылып кете ме деп қауіптенеді. Себебі қазақы ер мен отыз екі өрме бұзау тіс дойырды іздеушілер азайған.

Кеңес өрімшінің шеберханасына қарай бұл күнде ксі аяғы сиреген. Бір кезде айына ондаған қамшы өріп қапылып жататын шебер қазір тұтынушысын таппаған есіл өнердің аяқсып бара жатқанына қынжылады. Қазір үйірме ашып бар өнерін жастарға үйретуге ден қоя бастапты

Кеңес Айыпқалиев, қолөнер шебері:

– Біздің бастап жатқанымыз 8 өрім қамшы. 4 қырлы болып шығады. Балаларға ең оңай түрін үйретіп жатырмыз. Біздің батыс өңірінің бір өрме түрі 8-12-16, одан 32 өрім болып келеді. 32 өрім серкенің терісінен тоқылады. Ол өрімі көп болғандықтан әдемі шығу үшін өзектің сыртын қаптап тоқиды.

Дайын болаған өрім асық пен болмаса, арнайы ыспамен ысылады. Сонда жіктері кірігіп, қамшы жұмырлана түседі екен. Қамшы сапты дайындаудың да өзіндік сыры бар. Оны қыс айларында кесу керек, тобылғы мен жыңғыл бүр жарғанда кескен сап жарылғыш болады. Қамшылар негізінен 6 тұтам және 9 тұтам дойыр болып бөлінеді. Олардың да өзіндік өлшемі бар. Ескі тәмсілдерде батыс өңірі ат қамшыны таңдауға екі адамның әңгімесін пайдаланған. Ол өлшем былайша өрнектеледі:

Қазақы құранды ерге деген құштарлық болғанымен алушы шықпағндықтан Кеңес шебер соңғы 2 жылда ер шабуды қойған сыңайлы. Тек тапсырыс болғанда ғана ата кәсіпті қолға алады екен. Әйтпесе, кезінде талай кинотуыныдылар мен жеке адамдардың тапсырысын алған айтулы ершінің ұлы өнерден қолүзгісі жоқ. Тек айлап уақытын жойып істеген жәдігері аяқ асты қала ма деп қауіптенеді.

Кеңес Айыпқалиев, қолөнер шебері:

– Томарды таңдағанда жарығы жоқ орта жерінен алдым. Оны кептіргенде бұрын екі басына сиырдың жапасын жағып кептірген. Қазір клейлеп тастаймын. Кепкенде ішінде су қалған ағаш болса, ерді құрағаннан кейін ашылып кетуі мүмкін.

Осылайша құрастырылған ер көнмен қапталады. Ол үшін түйенің мойын терісі пайдаланылады екен. Иі анған көн ағаш құрандысын шегесіз де ұзақ уақыт сақтайды дейді шебер. Бүгінгі атқа мінгендердің пайдаланып жүргендері орыс ер, яғни «кавалериялық тұрман» деп аталады. Сондай-ақ қазір Қазақстан нарығын қырғыздың арзан бұйымдары басып кеткен. Ал Кеңес сынды шын өнер иесінің туындыларын тек музейлер мен жеке азаматтар ғана қажет етуде.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Темірлан Сұлтанғазиев