426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде саяжай маңынан өтетін жүк көліктері тексеріле бастады

  • 95
  • UPD: 21:28, 25.09.2021

Естеріңізде болса, осыған дейін карьерден құрылыс материалдарын таситын ауыр техникалардың жолды тоздырғанын хабарлаған едік.

4 бірдей саяжай алабының тұрғындары қоғамдық көліксіз қаламыз деп алаңдап, арнамыздың тілшілеріне хабарласқан. Осыдан соң жол сапасын қадағалаушылар мен көлік инспекциясы бірлесіп арнайы рейд өткізді.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Бұл жақтағы 4 саяжайдың төртеуінен де қысы-жазы кісі үзілмейді. Сондықтан тұрғындар өздеріне кішкене болсын жағдай жасап, инфрақұрылымды реттеуге күш салып келеді. Ирина Атаманова саяжайды бала кезінен біледі. «Жолды осындағы жұрттың өз күшімен салғанын өз көзіммен көргенмін», - дейді ол. Енді оның күл-паршасы шықанына да куә болды. Барлығы да ары-бері өтетін жүк көліктерінің көптігінен. Енді тоз-тозы шыққан бағытқа қоғамдық көліктердің жүргісі жоқ.

Ирина Атаманова, саяжай серіктестігінің төрағасы:

- Қазір жолдан жол қалмады. Тіпті бізге келіп жүрген №25 автобус жүргізушілері «енді келмейміз» дейді. Ал қалаға дейін жету үшін 40 минут жаяу жүру керек. Кәрі-құртаң, бала-шаға қайтіп шыдайды?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Осылай деп әкімдікке де шағымданып көрді. Алайда олар жеке кәсіпкерлерге ештеңе істей алмаймыз дейді. Енді бұл іске көлік инспекциясы араласты.

Инспекторларды бұл жол бойында ешкім күтпепті. Келгелі бері 5 минут ішінде 4 ауыр техника өтті. Екеуін тоқтатып үлгерді.Осы тоқтағандар өзгелерге ескертіп үлгерген болуы керек, ары қарай жүк көліктерініңі жүруі сап тыйылды.

Екінші КамАЗ-дың жүргізушісі аяқ астынан «көлік сынып қалды» деп, тұрған орнынан қозғалмай қойды. «Бұл айыппұлды азайтудың жаттанды амалы», - дейді көлік инспекциясының өкілдері.

Көлік жүргізушісі өзі тасып жүрсе, оған 3 АЕК мөлшерінде айыпұл салынады. Ал заңды тұлға болса бұл көрсеткіш 20 есе артады. Дегенмен, бұл артық жүк тиегендерге салынатын айыппұл көлеміне жетпейді.

Айбек Қайдаров, Көлік бақылау инспекциясының бас маманы:

- Оларға 80 немесе 100 АЕК айыппұл салынады. Кейбір жүргізушілер сынып қалды деген сылтаумен салмақ өтуден қашуда, бірақ ол сияқты жүргізушілерге де біз айыппұл саламыз.

Дәл осы жүк көлігінің иесіне 180 АЕК, яғни, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар карьерден шамадан тыс материал тиеп жергендер де әкімшілік жауапкершіліктен құтылмайды.

Айдос Қабылбаев, облыстық «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының инженері

- Әр жолдың өз нормативі бар, қызметі 5-10 жыл болуы мүмкін. Ол он не бес жылға жетпей жолдың бұзылуына әкеп соқтырады.

Түптің түбінде қарапайым тұрғындар сапалы жол қатынасынан қағылады. Мамандардың сөзінше, Аблакетка, Қасым Қайсенов жақтағы карьерден шыққан техникалар да асфальт жабындыдан түк қалдырмай жатыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы