Байқоңырда Кеңес Одағы кезінен бері алғаш рет коммуналдық жүйе жаңартылып жатыр

Байқоңыр қаласында Кеңес одағынан бері алғаш рет коммуналдық жүйелер жаңартыла бастады.

Биыл жұлдызды қалашықтағы тозығы жеткен 11 шақырымнан астам кәріз жүйесін жаңалау жоспарланған. Қазіргі уақытта 23 көп қабатты үй мен 1 мектептің 4 шақырымға жуық құбыры ауыстырылған. Қалған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы қалада 23 шақырым су және кәріз жүйелері бар. Көп жылдан бері қолданыста болған осы құбырлар соңғы кездері жиі істен шыға бастаған. Жобаның екінші кезеңінің сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, дейді мамандар. 

Айдын Әнуар, Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда екінші кезеңі мемлекеттік сараптаманың қарауында. Осы айдың 25-26 оң қорытындысын аламыз деп жоспарланып отыр. Екінші кезекте біз толығымен су жүйелері мен кәріз жүйесінің ішіндегі напорный канализация дейміз, соның бәрі екінші кезекте қаралған.