Қарағандыдағы емханада соңғы үлгідегі компьютерлік томография аппараты орнатылды

Қарағанды қаласының емханаларының біріне соңғы үлгідегі компьютерлік томография аппараты орнатылды. Құны 400 миллион теңгеге жуықтайтын құрылғы жоғары сапада кеуде суретінің кескінін алуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін облыста болған 25 томографиялық аппараттың кескін көрсету мүмкіндігі секундына 16 болса, бұл аппарат 160 кескін шығара алады. Нәтижесінде науқасты ультра-күлгін сәулемен зақымдау бірнеше есе аз болады. Мамандар мұндай құрылғының қазір еліміз бойынша небәрі 6 данасы бар екенін айтады. Енді Қарағанды қаласының кез келген тұрғыны учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша осы жерден тегін қызмет ала алады.

Гүлфайруз Жолдыбаева, сәулелік диагностика дәрігері:

- Тексеру көлемі өте үлкен. 160 кескін алуға мүмкіндік бар. Мысалы, өкпені алу үшін екі минуттай ғана уақыт керек. Науқас қорықпайды. Себебі оны жүргізіп өтетін труба өте кең. Кедергі келтірмейді.