Елордада марафонға байланысты көшелер жабылды

Марафон елордада да өтіп жатыр. Осыған байланысты кей аудандарда қозғалыс уақытша шектеліп 18 көше жабылды.

Олардың арасында Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік, Момышұлы, Абылай хан сияқты көлік көп жүретін көшелер бар. Бұдан бөлек түскі екіге дейін қоғамдық көліктер 7 бағыт бойынша жүрмейді. Ал  Алматыда Назарбаев, әл-Фараби, Достық даңғылдары, Сайын, Байтұрсынов, Сәтпаев және Тимирязев көшелері уақытша жабылды.