426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы марафонда «Хабар» Агенттігінің туы желбіреді

  • 123
  • UPD: 15:55, 26.09.2021

Дәл осы марафонда әріптестеріміз де бақ сынаған еді. Солардың бірі жарысқа «Хабар» агенттігінің туын ұстап шықты. Медиахолдингтің веб-редакторы Еркебұлан Тілеулин 10 шақырымға жүгірді. Айта кетейік, ол осыған дейін бұл марафонға бірнеше рет қатысқан.

Еркебұлан Тілеулин, «Хабар» Агенттігінің қызметкері:

- Мен осындай ауқымды іс-шараға қатыса отырып, өзімнің жұмыс орнымның туын ұстап шығуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Марафон кезінде әріптестердің қолдауы сезілді. Әрине мен үшін өз рекордымды орнату маңызды болды. Бұл үлкен жеңіс.

Олжас Өтегенов, марафонға қатысушы:

- Журналистердің марафонға қатысып жатқаны қуантады. БАҚ-та пайдалы ақпарат неғұрлым көп болса, адамдар өз денсаулықтарына көңіл бөліп, спорттық шараларға белсенді тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы