476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да 3,1 млн тонна астық жиналды

  • 230
  • UPD: 09:03, 27.09.2021
СҚО-да 3,1 млн тонна астық жиналды

Біздің ел де орақ науқанын аяқтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақстан 3,1 млн тонна астық жинады. Қазір мұнда дала жұмыстарының 99,8%-і аяқталды. Диқандар гектарынан орташа есеппен 10,6 центнерден өнім алып жатыр. Астықты өңір былтыр да, биыл да 4,3 млн гектарға егін еккен. Бірақ биылғы өнім көлемі былтырғыдай емес. Өткен жылы гектарына 15 центнерден айналып, 4,5 млн тонна астық жиналған еді. Бірақ диқандар биылғы қуаңшылықта осы меженің өзі үлкен жетістік деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы