Ақмолалық диқандар 4 млн тонна астық жинауды көздеп отыр

Сәтін салса, Ақмола облысы да бүгін-ертең егінді жинап болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде астықтың түсімі гектарына 8,8 центнерден келеді. Қазіргі есеп бойынша комбайндар алқапты түгелге жуық орып болып қалған. Тек жинақтау жұмыстары қалды. Диқандар бұйыртса 4 млн тонна өнім аламыз деп үміттеніп отыр.