Биыл Қостанай облысында 2 млн 930 мың тонна астық жиналды

Қостанайлықтар өткен жұма күні астықты шашау шығармай жинап алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мұндағы диқандардың алды сабантой жасап та үлгерді. Биыл өңірде 2 млн 930 мың тонна астық жиналды. Гектар шығымы шамамен 7 центнерден айналған. Мол өнім солтүстік аудандардың есебінен жиналған. Жалпы 4,7 млн гектарға тұқым себілген екен. Жаз бойы тамшы тамбағаны аян.

«Сол себепті биылғы нәтиже жаман емес», - дейді шаруалар. Ал былтыр бұл уақытта өнім гектарына 10 центнерден болып, 3,8 млн тонна бидай қамбаға құйылған болатын