Кибералаяқтар «ҚазМұнайГаз» атынан ақшалай сыйлықтар табыстаймыз деп алдауда

Кибералаяқтар «ҚазМұнайГаз» атынан ақшалай сыйлықтар табыстаймыз деп алдауда
Информ-прогулка

Қазнетте алаяқтар тағы да әрекет етуде, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл жолы олар пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы атынан сауалнамадан өтіп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алуды ұсынады. Алайда компания қазіргі уақытта ақшалай сыйлықтар мен ұтыс ойындарын өткіз жатпағанын мәлімдеді.

– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде науқан туралы жалған ақпарат таратылуда. Біз сауалнама өткізу арқылы ешқандай акция және ақша ұтысын ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Баршаңызды сақ болуға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырамыз, – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.

Интернет-алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның мәні – пайдаланушылардың жеке ақпаратын, олардың карталарының төлем деректерін, логиндерді, парольдерді және т.б.иемдену.