СҚО-да дизель отынының күрт қымбаттауына байланысты автобустар тоқтап жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық көліктердің қатынауы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дизель отынының күрт қымбаттауына байланысты кейбір автобустар бүгін жолға шықпай қалған. Мәселен №25 бағытқа қатынайтын көліктердің жартысы тоқтап тұр. Айтуларынша, тасымалдаушылар шығынға батқан. Оның үстіне өңірде соңғы күндері сұйық отын табу қиын. Салдарынан таңертеңнен жұмысқа, мектепке асыққандар қоғамдық көлікті жарты сағаттап күтуге мәжбүр болды.

Руслан Ысқақов, жүргізуші:

- Күнде кешкісін дизель іздеп қала кезіп жүреміз. Бекеттердің бәрі талон сұрайды бәрі. Кейде жанармай таппай қаламыз. Салдарынан біздің 25 маршрутта бірнеше автобус бір жола тоқтатады. Жұмыс істеу тиімсіз болып кетті. Ал жол ақысы – 80 теңге.