Қостанай облысы қыркүйекте ақ ұлпаға оранды

Өткен түні Қостанайда күн күрт суытып, таң ата қыламықтап қар жауды. Соңы жаңбырға ұласып, ақ ұлпа лезде еріп кетті.

Бейімбет Майлин ауданында ұшқындап жауған қар түс әлетіне дейін тоқтаған жоқ. Ол жақта біраз аумақ ақ мамыққа оранған.

Жерлігілікті тұрғындардың айтуынша, қазір қар еріп кеткен. Күн жылы болғандықтан жолдар тайғақ емес. Көлік қозғалысы қалыпты. Синоптиктер облыста апта аяғына дейін қар аралас жаңбыр жауып, жел соғатынын болжап отыр. 3 градусқа дейін суытады.