Ақтөбеде көпір құлағаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Ақтөбеде екі бірдей аумақты жалғайтын жаңа аспалы көпірдің құлағаны туралы ақпарат тұрғындарды әбігерге салды.

Салынғанына бір ай болмаған өткелдің жарамсыз күйге түскені бүгін әлеуметтік желіде тараған еді. Алайда мердігер мен құрылысқа қаржы бөлген демеуші ақпараттың жалған екенін жеткізді. Көпірдің қалыпты жағдайда тұрғанын онымен күн сайын өтетін ақтөбеліктер де растады. Қарғалы өзенінде салынған аспалы көпір Жилянка елді мекені мен Сарбаз және бірқатар саяжай тұрғындары үшін пайдалануға берілгенді. Арғы бетте тұратын ақтөбеліктер көпір арқылы балаларын ауылдағы балабақша мен мектепке әкеледі. Оның құрылысына бес миллион теңге қаржы жұмсалған.

Ардақ Өтегенов, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Сапалы жасалған. Екі жағынан да төрт метрлі котлаван қазылып, үстіне монолит бетон құйылып мықты болып тұр. 80 метр тросс бір-біріне жалғанып, осындай мост көтерілді.