Елде әрбір 36-өртте бір адам опат болады – Төтенше жағдайлар министрі

Елде әрбір 36-шы өртте бір адам опат болады. Бұл туралы Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 10 есе төмен. 360 өртте бір адам мерт болады. Ұлыбританияда 14, Францияда 27 есеге аз.

Министрдің айтуынша, өртке қарсы қызмет нысандарының қатары көбейтілуде. Қазір жаңадан он сегізі салынып жатыр. Оның үшеуіне республикалық бюджеттен, ал 15-іне әкімдік есебінен қаржы бөлінген. Осы орайда Үкімет басшысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әзірленетін Жол картасында бекеттерді техникамен уақытылы қамтамасыз етуді, ерікті өрт сөндіру құрылымдарын дамытуды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биылғы 20-шы қазанға дейін Премьер-Министр Кеңсесіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының келісілген жобасын енгізуге тиіс. Екіншіден, өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізілуі қажет. Сонымен қатар Индустрия министрлігі мен әкімдер газ жабдығы мен тұрмыстық баллондарды жүйелі түрде бақылап, аталған бағыттағы талаптарды қатаңдатуы керек.

 

Сондай-ақ...