426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда көлік ұрлаған жас жігіт жол апатына түсті

  • 69
  • UPD: 13:23, 28.09.2021
Алматыда көлік ұрлаған жас жігіт жол апатына түсті

Алматыда көлік ұрлап, жол апатына түскен жас жігіт есінен танып қалды.

Оқиға таңғы сағат 5 шамасында болған. Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде «жүрісі оғаш көлікті» байқап, тоқтатпақ болады. Жүргізуші болса талапқа бағынбай, шығыс айналма жолымен қашқан. Алайда көп ұзамай, басқа көлікпен қақтығысып жол апатына ұшырайды. Жүргізуші қатты соққыдан есінен танып қалған. Бірақ тәртіп сақшылары дер кезінде әрекет жасап, оны құтқарып алады. Күдіктіге ірі көлемде айыппұл салынып немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Дәулет Есмырзаев, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы:

– Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ұсталған адам істің барлық мән жайын анықтау үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді.Сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай тізімінде бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлімі бойынша тіркелген. Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы