Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумында трансшекаралық су ресурстарын басқару мәселесі қаралды

Трансшекаралық су ресурстарын басқару, төмен көміртекті даму, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 17 форумында осы тақырыптар қозғалды.

Бүгін шара онлайн форматта өтіп жатыр. 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Форум аясында «Трансшекаралық су объектілер» және «Климаттың өзгеруі» тақырыбында екі панельдік сессия отырысы өтті.

Тараптар Жайық, Ертіс сынды ірі өзен бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай жол картасын іске асыру, трансшекаралық су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану, ластануын азайту, сондай-ақ экожүйелерін сақтау бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдай туындаған жағдайда өзара жедел хабарлау тетігін жетілдіру жолдары ұсынылды.