Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді

Аймақтың бас санитар дәрігері шығарған қаулыда көпшілік жиындар өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, аздаған шектеу бар. Мәселен, той-томалақ, түрлі отбасылық іс-шараларды, конференциялар мен форумдарды 50 адамнан, ал көрмелерді 200 адамнан асырмай өткізу керек. Спорт нысандары мен діни орындар әзірге 20%-ке ғана жұмыс істейді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысы «қызыл» аймақта.