Елбасы елордадағы құрылыс жоспарымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада салынатын жаңа туристік, мәдени және әлеуметтік нысандардың жоспарымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі Алтай Көлгінов аудандардағы құрылыс туралы баяндап, абаттандыру жұмыстары жайын айтты. Сондай-ақ ол Елбасыға денсаулық сақтау, балабақша мен мектептер, спорт кешендері және коммерциялық нысандардың халыққа қолжетімді болатынын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына жаңа мешіт пен EXPO аумақтарындағы құрылыс жобалары ұсынылды.