Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқ қылмысы тіркелді

Елордада жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқ қылмысы тіркелді.

Бұл туралы Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов мәлімдеді. Тәртіп сақшылары 110 алаяқты ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар 150 млн теңге сома залал келтірген.

Талғат Бөлегенов, қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Кибер алаяқтықтың алдын алу үшін біз онлайн хабарландыру платформаларымен бірігіп жұмыс істейміз. Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды айла-амалдардан сақтануға шақыратын бейнероликтер көрсетеміз. Ал, қылмыстық істердің ашылуы біраз уақыт қажет етеді. Себебі алаяқтар көбінесе ақшаны шетелдік есепшоттарға аударуды сұрайды. Біз сол жақтын құқық қорғау органдарына хабарласып, мәлімет аламыз.