426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздегі ірі қалалардың сейсмикалық картасы жаңартылады

  • 75
  • UPD: 23:24, 28.09.2021
Еліміздегі ірі қалалардың сейсмикалық картасы жаңартылады

Еліміздегі ірі қалалардың сейсмикалық картасы соңғы 20 жылда мүлде жаңартылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан саланы зерттеп жүрген ғалымдар бірнеше жылға арналған істі қолға алды. Ғылыми жоба негізінде 6 балға дейін болатын жерасты дүмпулерін механикалық жолмен есептеу арқылы болжам жасалады. Жер сілкінсі болатын аумақтарды анықтайды. Өскеменнің өзіне 10 және қала сыртына 10 құрылғы қойылды. Олар 30-40 метр тереңдікте болатын түрлі толқыннан хабар береді. Жер бедеріне тигізетін әсері арнайы зертханада есептеледі. Ғылыми жұмыстың нәтижесі құрылыс салуда негізге алынады. Қазір бұл салада «Еуро код-8» стандарты қолданылады. Бұл стандарт сейсмикалық талапқа тікелей қатысты. Ал Қазақстанның әр аумағындағы сейсмикалық белдеу әртүрлі.

Ринат Әміржанов, Сейсмология институтының зертхана меңгерушісі:

- Мына қаланың қанша балға жер сілкініске төзімділігін анықтаймыз. Қалада жердің қыртыстарын зерттей отырып, оның қай жерден қандай аумақта жарылатынын анықтаймыз. 1Біздің нұсқаумыз мына құрылыс жұмыстарының нормаларының алдын ала кіріспесі.

Хабар 24 телеарнасы