Ақсу шатқалындағы өрт ауыздықталды

Алматы облысының Ақсу шатқалындағы өрт ауыздықталды. Қазір «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кейбір жерлерінде ғана бықсыған түтін шығып жатыр.

Өртті сөндіруге Ақсай орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау мекемесі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері және 8 техника жұмылдырылды. Отқа оранған аймақты айналдыра қазу және жерді жырту жұмыстары қолға алынған. Тікұшақпен әуеден барлау және су шашу ісі жалғасып жатыр. 

Сала мамандарының мәліметінше, өрттен елді мекендерге келер қауіп жоқ. Ең жақыны Қырғауылды ауылы 12 шақырым, ал «Радуга» бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан.