Ертіс өңіріне екі мың тонна газ жеткізіледі  

Павлодар облысының шаруаларына қосымша 2 мың тонна газ жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрі осындай шешім қабылдады. Бұған дейін сұйытылған газ тапшылығы салдарынан өңірде астық кептіру құралдарының жұмысы тоқтап қалуы мүмкін деген болжам жасалған. Облыс бойынша 720 тонна газ қажет. Бұл сұранысты өтеуі тиіс. Павлодар облысы тарапынан жауапты министрлікке дизель отынын жеткізу турасында өтініштер де жолданған. Мәселе салалық мекеменің қарауында жатыр.