426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тараздағы жарылыстан қаза тапқандардың несиесі өтелді

  • 91
  • UPD: 21:03, 29.09.2021

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылардың несиелері өтелді.

Банктер, қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен келіссөз жүргізіліп, 47 кредит бойынша берешек төленді. Сонымен қатар асыраушысынан айырылған 14 отбасыға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Ол қазан айынан бастап төлене бастайды. Қызмет бабымен жүріп қайтыс болғандардың бала-шағасына бір рет бес жылдық айлық жалақы төленеді. Әр отбасыға 15 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы