Ақмола облысында құс тұмауы шықты

Ақмола облысында да құс тұмауы тіркелді. Облыстық ветеринария басқармасы елорда іргесіндегі Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылында 300-ге жуық құс өлгенін мәлімдеді.

Олардың бәрі бір адамға тиесілі болған. Сараптама нәтижесінде 288 тауық, үйрек және қаздың құс тұмауына шалдыққаны анықталған. Қазір ауданның мал дәрігерлері, ауру ошағын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданда екі бірдей құс фабрикасы бар. Алайда, олар жабық ғимаратта орналасқан, ондағы құстарға қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді ветеринарлар.

Ағыбай Сыздықов, Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Сол ауылда қазір ветеринарлық сала мамандары қазір жұмыс жасап жатыр. Жағдай тұрақты. Одан басқа өлген, ауырған құстар тіркелген жоқ. Қазір мамандар сол ауылдың маңайындағы суларды, көлдерді тексеріп жатыр.