Токиодағы сәтсіздікке пандемия кінәлі – ҚР ҰОК Бас хатшысы

Токиодағы сәтсіздікке пандемия кінәлі. Ұлттық олимпиада комитеті осындай мәлімдеме жасады.

Бас ассамблеяның отырысында сөз алған Андрей Крюков жазғы ойындардағы жағдайды саралап, нәтижесін баяндады. Бас хатшының айтуынша, ең бірінші короновирус жоспардағы жарыстар мен жаттығу жиындарын тұралатып тастаған. Резерв жоқтығы, ұлттық құраманың орта жасы 2 жылға қартайғаны да сөз болды. Спортшылардың моральдық-психологялық жағдайы мен жиі жарақат алуы да өз кесірін тигізді, – дейді.

Бапкерлер жұмысында олқылық барын мойындады. Ақша жеткіліксіздігі де Олимпиада ойындарындағы нәтижеге әсер етті деп сөзін түйіндеді.