Биыл елде 700-ге жуық орман өрті тіркелді

Жыл басынан бері елде орман өрті салдарынан мемлекетке 4 жарым млрд теңге шығын келді. Бұл туралы «Қазәуеорманқорғау» мекемесі хабарлады

Орман және жануарлар әлемін қорғау мәселесі бүгін Қазақстан - Ресей ынтымақтастығының 17-ші форумы аясында көтерілді. Мекеме басшылығының мәліметі бойынша қаңтар-қыркүйек аралығында елде 691 орман өрті тіркелді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 146 мың гектарды құрады. 4 процентінде от адамдардың немқұрайлығы салдарынан тұтанған. 40 жағдайдың себебі әлі анықталмады. Қазақстанның орман қоры 30 млн гектарға жетеді.

Сондай-ақ...