Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті

Вирустың таралу қарқыны бойынша Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте өңірде 45 адамнан дерт анықталған. Сонымен, «қызыл» аймақ санатында қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, Павлодар облыстары қалып отыр. «Сары» аймақ санатында: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Өзге өңірлерде эпидахуал тұрақты.