426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР ІІМ жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді

  • 49
  • UPD: 10:11, 30.09.2021
ҚР ІІМ жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді TRAASGPU.COM

ІІМ жүргізушілерді ауа райының нашарлауы кезіндегі қауіптер туралы ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бірқатар облыста ауа райының нашарлауы, қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.

«Автокөлік иелері ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы керек. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуді ұсынады. Қауіпсіз қозғалыс үшін ауа райының қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің ілінісу сапасының өзгеруін ескеру қажет», – деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаудың маңыздылығы да ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы