MEGA Silk Way мұз айдыны жұмысын қайта бастайды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін көптен күткен жаңалық – MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында MEGA Arena мұз айдыны өз жұмысын бастайды.

Мұз айдынының салтанатты ашылуы 1 қазан, жұма күні өтеді.

Ашылу күні келушілерді мәнерлеп сырғанаушылар  қойылымы, мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен анимациялық бағдарлама, мұз айдынындағы көңілді ойындар және MEGA Arena сыйлықтарын – мұз айдынына баруға абонемент және MEGA Silk Way мейрамханаларына сертификаттар ұтып алуға болатын лотерея күтеді. Іс-шара 16:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

MEGA Arena елорданың ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан, аумағы 800 шаршы метр. Айдында кәсіби нұсқаушылар кеңес береді,  сіз коньки мен балаларды жарақаттан қорғау жиынтықтарын жалға ала аласыз. Белгілі бір сағаттарда мәнерлеп сырғанау мен хоккейден жаттығулар өтеді. MEGA Arena мұз айдыны күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.