Қазақстанда жария лауазымды тұлғалардың қаржы операциялары тексерістен өткізілмек

Қазақстанда жария лауазымды тұлғалардың қаржы операциялары тексерістен өткізілмек

Елде жария лауазымды тұлғалардың қаржы және мүліктік операциялары күрделі тексерістен өткізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, құны 50 миллион теңгеден асатын үйді алып-сататын азаматтар бақылауға алынады. Себебі, қылмыстық жолмен алынған табыс негізінен мүлікке инвестицияланады. Сондай-ақ құмар ойындар ойнап, ұтысы 1 миллион теңгеден асқандар да Қаржы мониторингі агенттігінің назарында болады. Бұған дейін мұндай тексерістер тек шетелдік жария тұлғаларға ғана қатысты жүргізілетін. Жаңашылдықтың арқасында виртуалды валюта айналымы мен заңсыз жолмен алған кірістерді анықтау мүмкін болады. Әзірге бұл тізімге кімдердің кіретін белгісіз. Бірақ халықаралық тәжірибеге сүйенсек, Үкімет пен сот жүйелерінде қызмет атқаратындар, мемлекеттік корпорациялар мен саяси партиялардың басшылары жария лауазымды тұлғалар атануы тиіс.

Айта кетерлігі, бұл санаттағылардың туыстары да назардан тыс қалмайды. Құжатта мемлекеттік жүйелер арқылы терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қою жолдары да қарастырылған.