Каспий теңізі маңындағы кәсіпорындардың қызметі бақылауға алынады

Бұл компаниялардың қоршаған ортаны ластау деңгейі үнемі тексерілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес теңіз ортасы мен жағалаудағы ахуал мен ластағыш заттар көлемі туралы деректер қоры құрылады. Сонымен қатар жиында Каспийдің биологиялық алуандығын сақтау туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі талқыланды. Бұл құжат теңіздегі жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған.