426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдетіледі

  • 62
  • UPD: 15:05, 30.09.2021
Алматы облысында ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдетіледі

Қазанның бірінен бастап Алматы облысында карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді көпшілік мәдени шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар мен отбасылық салтанатты жиын-тойларды өткізуге болады. Сауда орталықтары, мейрамханалар, моншалар, жаттығу залдары мен фитнес орталықтарының да шектеуі алынды. Бұдан былай аталған нысандар демалыс күндері де жұмыс істей алады. Сонымен қатар діни нысандар 30% толтырылыммен қызмет көрсетеді. Және қалааралық, ауданаралық жолаушы тасымалдау да қалпына келтірілді.

Хабар 24 телеарнасы