Қазақстандағы ең лас қалалар тізімі анықталды

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, Алматы мен Нұр-Сұлтан, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік өндірістер жұмыс істейтін бірқатар өңірде атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары екені анықталды.

Бұл туралы ведомство өкілдері Орталық Азиядағы ауа сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі конференциясында мәлімдеді.

Айта кетерлігі, биыл атмосфералық ауаның жоғары ластануының 340-қа жуығы, ал экстремалды, яғни, аса қауіпті ластанудың 4 оқиғасы тіркелген. Олардың басым бөлігі Қарағанды мен Атырау қалаларында. Бұл тізімге Ақтөбе, Өскемен және Петропавл да енді.