Киіктердің көшуіне Қазақстан мен Ресей шекарашылары кедергі келтірмеуі керек – Қ.Тоқаев

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір бізде дала жануарын атуға тыйым салынды. Соның арқасында олардың саны жыл сайын ұлғайып жатыр. Ал ауыл шаруашылығына қажетті жерлердің кеңеюі киіктерді тығырыққа тіреді. Жайылатын және су ішетін аумқатар тарылды. Сондықтан олардың емін-еркін қозғалысына шектеу болмау керек. Әсіресе, маусымдық көшу кезінде шекарашылар кедергі келтірмегені жөн деген ұсыныс айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.