Қазақстандық қала типтес ауылдар қосымша қаржыландырылуы мүмкін

Бүгін Парламент Сенатының депутаттары осындай бастама көтеріп, Үкіметке сұрау жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенатор Рысқали Әбдікеровтің айтуынша, мұндай елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жағдайы мәз емес. Ауруханалар мен мектептер жөндеуді қажет етеді, мұғалімдер мен дәрігерлер жетіспейді. Ол Қарағанды облысындағы кенттерді мысалға келтірді. Коммуналдық желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымның жартысынан астамы тозығы жеткен.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Осыған байланысты бұрын қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды қайта қарау керек. Жекелеген ауылдардың әлеуетіне қарай инновациялық даму стратегияларын әзірлеуге басымдық беріп, «Ауылел бесігі» бағдарламасын қолдану мүмкіндігіне назар аударған жөн.