Петропавлда мемлекеттен баспана алған отбасылар үйіне кіре алмай жүр

Петропавлда «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы болған 108 отбасы жаңа қонысқа көше алмай жүр. Үй дайын емес. 18 қабатты ғимарат әлі күнге су, жарық, жылуға қосылмаған. Ал тұрғындардың несие төлейтін уақыты келді. Бұған шенеуніктер не дейді? 

- Осы екі бөлмелі үйді «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша бюджеттік қызметкер саласы маманы ретінде алдық. 

Самал Көкенбаева 2010 жылдан бері пәтер кезегін күтіп, биыл баспаналы болды. Бірақ тұрмайды. Әлі күнге дейін біреудің босағасын жалдап жүр. Енді ипотекасын төлейтін күн келді.

Самал Көкенбаева, қала тұрғыны:

- Міне осы үйдің ипотекасына октябрь айында, қазан айында уже төлеу керек. Бірақ өкінішке орай, осы үйді әкімшілік берген жоқ. Бұл үйде ешқандай жарық та жоқ, жылу да жоқ, су да жоқ.

Бұл бір ғана Самалдың басындағы жағдай емес. Жаңа үйден жылдап кезекте тұрған 108 отбасы пәтер алды. Барлығы да қыркүйекте қоныстануы тиіс еді. Ай өтті, бірақ кілт жоқ. Есесіне несие бар.

- Ипотеку мы уже 5 числа, 7 октября мы уже должны первые взносы делать. Еще у нас съемное жилье. Я должна пенсию делить теперь... 

18 қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерді. Құрылысшылар уақытында аяқтаса да жарық, жылу, суы қосылмай тұр. Мәселе мынада дейді шенеуніктер: бұл шағын ауданда жаңадан электр станциясы салынып жатыр. Сол созылып кеткен. Ал уақытша қойылған трансформатор тартпайды. 

Серік Сабралин, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Оны АО «Электромонтаж» істеп жатыр. Үшінші жыл болды істеп жатқандарына. Осы август айында бітіруге тиісті, бітірген жоқ. Біз сотқа бердік, штрафные санкции предъявили, бірақ та қазір еще бір айдың ішінде бітіреміз деп отыр. 

Құрылыс бөлімінің басшысы жарықты бір айда, ал жылу мен суды 10 күннің ішінде қосуға уәде берді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Шенеуніктер «қырығына шыдаған, қырық біріне де шыдайды» деп отыр. Ал тұрғындардың шыдамы шегіне жетуге шақ қалды. Бұл жолы жауаптылар сөзінде тұрса жарайды. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов