Бес аймақта «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы енгізілді

Елімізде отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша түйінді индикатор жоқ.

Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды.

Ұлттық комиссия төрайымы Лаззат Рамазанованың айтуынша, бірқатар проблема бар. Жалпы өңірлердің даму жоспарында отбасына тиісті нақты шаралар көрсетілмеген. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті нақтыланбаған. Ал жанұя әл-ауқатын жақсарту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір еліміздің бес аймағында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы енгізілді. Бұл отбасы институтын дамытып, саладағы құқық бұзушылықты азайтуға септесуі тиіс.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

- Жақын арада Мәжілісте отбасы мәселесіне арналған заң қарастырылады деп күтудеміз. Ұлттық комиссия эксперттері аймақтарға шығып әйел, отбасы жағдайы бойынша қадағалады. Құқық органдары бәрі осыны қадағалайтын болса неге осындай жағдай күннен күнге көп болып тұр? Осы мәселелердің бәрін жаңа жолға қоятын болса бізде отбасылық мәселелер шешуге сеп болар еді.