Павлодарда науқастарға емхана деңгейінде қызмет көрсету күшейтілді

Павлодар облысында соңғы тәулікте 136 адам коронавирус жұқтырған. Бүгінгі таңда 1000-нан астам науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Мамандардың хабарлауынша, жағдайды тұрақтандыру мақсатында емханалық деңгейдегі қызмет күшейтілген. Бұған дейін тәулігіне 800-ден астам қоңырау түссе, қазір шақыртулар саны азайды. Азаматтар сатурацияның төмендеуі, демікпе мен созылмалы аурулардың асқынуына шағымданады. Вакциналау науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Осы күнге дейін 300 мыңнан астам тұрғын бірінші компонентті салдыртса, екінші компонентті 270 мың азамат алған. Бұл иммундау шараларына қатысуы тиіс халықтың басым бөлігі. Аймақта тұмауға қарсы вакцина салу шаралары да қатар жүріп жатыр. Өңір тұрғындарына медициналық препараттың 170 мың дозасы бөлінген.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42,2% құрап отыр. Ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 45%. Осы реанимациялық төсек-орында 90 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Соның ішінде 12 адам өкпенің жасанды құралына қосылған. Әлі күнге дейін облысымыз қызыл аймақта орналасқан.

Сондай-ақ...