1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Бүгін – халықаралық қарттар күні.

Осы орайда бүгін Петропавлдық зейнеткерлер автобуспен тегін жүреді. Мереке күні оларға арнап түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, филармония мен қазақ театрының өнерпаздары концерт қояды. Сонымен қатар кәсіпорындар сонда жұмыс істеген ардагерлерін құттықтайды. Ал төсек тартып жатқан егде адамдарға жастар ұйымдары барады. Қазіргі таңда қалада 4 жарым мыңнан аса зейнеткер тұрады.