Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: қыз баланың жағдайы ауыр

Елордадағы жан түршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз қыз баланың жағдайы ауыр.

Оған оқиғадан кейін жедел түрде операция жасалып, көмек көрсетілді. Алайда алған жарақаты мен травматикалық шок салдарынан қайта қалпына келуі қиынға соғып жатыр. Оқиға кезінде 18 жастағы қыз баланың омыртқасы сынған. Қазір Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, жол апаты қыркүйектің 29-нан 30-на қараған түні елордадағы Есіл өзені үстінен өтетін көпірде болған.

«Тайота» және «Равон» маркалы қос көлік бір-біріне соқтығысып, 5 адам оқиға орнында көз жұмды. Бір адам ауруханаға түсті.